Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН КЕҢСЕ ТЕХНИКАСЫНА ЖҮРГІЗІЛГЕН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МОНИТОРИНГІСІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН КЕҢСЕ ТЕХНИКАСЫНА ЖҮРГІЗІЛГЕН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МОНИТОРИНГІСІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

Агенттік жүзеге асыратын мемлекеттік сатып алу саласының жемқорлыққа қарсы мониторингі жемқорлық көріністеріне жол бермеуге және бюджет қаражатын тиімді жұмсауға бағытталған.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен тікелей жұмыс істеуі арқылы мемлекеттің 7,7 млрд теңгеге жуық тиімсіз шығындарының алдын алып, жоспарлау сатысында 1,5 мың тапсырыс берушінің бюджеттері оңтайландырылды.
Білім және ғылым министрлігінің жергілікті атқарушы органдардың оқушыларды қашықтықтан оқытуға арналған компьютерлер, ноутбуктер мен планшеттер сатып алуын сүйемелдеу туралы өтініші – жүргізіліп жатқан жұмыс тиімділігінің көрсеткіші. Техника әлеуметтік осал санаттағы оқушылардың уақытша пайдалануына арналған.
Бұл мақсатқа Үкімет қорынан 70 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді.
Қоғамдық бақылау аясында бөлінген қаражатты бөлу жөніндегі комиссиялардың жұмысына «Адалдық алаңы» өңірлік жобалық кеңселерінің, арнайы мониторингтік топтарының және Агенттіктің аумақтық бөлімшелерінің өкілдері енді.
«Баға-сапа» арақатынасы қағидаты бойынша ұйымдастыру техникасының әлеуетті жеткізушілерінің баға ұсыныстарын іріктеу арқылы бірлескен күш-жігермен шамамен 3,6 млрд теңге үнемделді.
Агенттік Білім және ғылым министрлігінің бастамасын жоғары бағалайды, сондай-ақ мұндай тәжірибені басқа мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қолдануын құптайды.
Сатып алу жүйесінің ашықтығын арттыру, қоғамдық бақылауды күшейту мәселелеріндегі сындарлы ынтымақтастық – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің алдын алу қызметінің негізі.
24 қыркүйек 2020 ж. 495 0