Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

2020 жылғы 25 қыркүйекте «Antikor Ortalygy» сервистік орталығында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің 2020 жылдың 8 айы бойынша жұмыс қорытындылары бойынша БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізілді.
Департаментпен 2020 жылдың 8 айында сыбайлас жемқорлық сипатындағы 40 қылмыс тіркелді.
- Парақорлық фактілері бойынша 25;
- ШОБ қызметіне заңсыз араласу 2;
- Мемлекеттік бағдарламаларды игеру барысында сыбайлас жемқорлық сипатындағы 17 қылмыс анықталды.
Сыбайлас жемқорлық үшін 37 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 2 облыстық деңгейдегі бірінші басшылар.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жұмысының басым бағыттарының бірі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады. Жүргізіліп жатқан жұмыс азаматтардың мемлекеттік органдарға сенімін арттыруға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жедел ден қоюға бағытталған.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу екі бағытты қамтиды – бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру.
2020 жылдың 8 айында 7 мемлекеттік мекемелерге атап айтқанда, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының, облыстық ішкі саясат басқармасының, экология департаменті және облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының, облыстық агроөнеркәсіптік кешен инспекциясының және облыстық Ветеринариялық бақылау инспекциясының қызметтеріне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты сыртқы талдау жүргізілді.
Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мақсатында 28 ұсыныс енгізілді. Бүгінгі таңда 7 ұсыныс орындалды. Талдау субъектілерімен 5 нормативтік актіні бекіту қамтамасыз етілді.
Арнайы мониторингтік топтың (бұдан әрі АМТ) мүшелерінің және "Ақмешіт – адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің қатысуымен 9 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг (1 кешенді және 8 тақырыптық) жүргізілді, 28 ұсыныс әзірленді.
Мониторинг объектілері болып орта білім беру мекемелері, жерлеу қызметтерін көрсететін ұйымдар, әлеуметтік қызметтерді
субсидиялау мәселелерімен айналысатын квазимемлекеттік сектор ұйымдары, ЖТҚ үшін жер учаскелерін беру рәсімдерімен байланысты
-2-
жер қатынастары салалары және қызметтік тұрғын үй қорын басқару салалары болып табылды.
***
2020 жылға арналған мемлекеттік сатып алу жоспарларына мониторинг жүргізу барысында 30-дан астам ұйымдар мен мекемелерге мемлекеттік сатып алу конкурстарын ұйымдастыру барысында тауарлар мен қызметтерге нарықты шектеу бағадан жоғары баға қою фактілері бойынша ұсынымдар берілді, оларға сәйкес жылдық мемлекеттік сатып алу жоспарларына түзетулер енгізілді. Бюджет қаражатын болжамды үнемдеу – 200,4 млн.теңгені құрайды.
Сондықтан мұндай мониторинг нарықтық бағадан шамадан тыс ауытқуды болдырмау, сондай-ақ бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік сатып алу жоспарларында маңызды рөл атқарады.
***
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Protecting Business and Investments" жобасы шеңберінде әкімшілік кедергілерді жою, ірі кәсіпкерлік субъектілерінің заңды құқықтары мен мүдделерін бұзуға жол бермеу бөлігінде инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді жүргізеді.
"Protecting bussines and investments" жобасы аясында жалпы құны 554,3 млрд.теңге болатын 21 нысан (6 шетелдік және 15 отандық жоба) қамтылды. Бүгінгі таңда Департамент Қызылорда облысының
-3-
кәсіпкерлер палатасымен және облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасымен бірлесіп кәсіпкерлердің мәселелерін шешу мақсатында олардың қызметін сүйемелдеу бойынша жұмыстар жүргізуде. 4 кездесу өткізілді.
****
Мемлекеттік органдар мен ұйымдарда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу әдістерінің бірі ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабы тәртібінде ұсыныстар жіберу болып табылады, Департамент 49 ұсыныс енгізді.
Тергеушілердің ұсыныстарын қарау нәтижелері бойынша 27 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 4 лауазымды тұлға жұмыстан босатылды, қалғандары ескертуден қатаң сөгіске дейін түрлі тәртіптік жазаларға тартылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің барлық енгізілген ұсыныстары мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдар ұжымдарының қатысуымен қаралды.
-3-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға арнайы мониторингтік топ, "Ақмешіт – адалдық алаңы" жобасы және ақпараттық - ағартушылық штаб ерекше үлес қосуда.
Осы қоғамдық бірлестіктердің күш-жігері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және парасаттылық мәдениетін ілгерілету контексінде қоғамдық бақылау құралдарын пәрменді іске асыруға бағытталған.
Республика аумағында енгізілген төтенше жағдай, сондай - ақ короновирустық инфекцияның таралуын болдырмау жөніндегі карантиндік шаралар сәтінен бастап қызметтің және жұртшылықтың жұмысы онлайн-режимге ауыстырылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша барлық іс-шаралар ватсап мессенджерлері, ZOOM бейнеконференц-байланысы және Facebook және Инстаграм қосымшалары арқылы өткізіледі және қоғамдық белсенділердің жұмысы БАҚ-та кеңінен жарияланады.
Қоғамдық ұйымдардың мүшелері күн сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың жалпы ісіне үлес қосып келеді.
Өскелең ұрпақ арасында ерекше мән берілетін парасаттылық сағаттары тұрақты негізде жүргізілуе. Бүгінде облыстың барлық орта, орта арнаулы және жоғары оқу орындарында "Адал ұрпақ" клубтары мен "Саналы ұрпақ"жобасы белсенді жұмыс істеуде.
***
"Сапалы жол" жобасы "Ақмешіт-адалдық алаңы" жобалық офисімен, АМТ және "Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының қызметкерлерімен бірлесіп жүзеге асырылуда.
Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының проблемалық учаскелеріне 13 мониторинг жүргізілді, анықталған 42 кемшілік бойынша ұсыныстар берілді, 20 кемшілік жойылды.
***
"Адал көмек" жобасы аясында адвокаттар, заңгерлер, мемлекеттік қызметшілер аптасына 3 рет азаматтарға онлайн-кеңес береді. 8 ай ішінде "Адал көмек" жобасы аясында онлайн форматта 66 іс-шара өткізілді, 616 азамат сұрақтармен жүгінді, 597 сұраққа жауап берілді.
***
"Antikor LIVE" жобасына ерекше назар аударылды, оның алаңына күнделікті негізде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары
-4-
халыққа өзекті ақпарат беру үшін шақырылады, оның шеңберінде 90 мыңға жуық қараумен 247 тікелей эфир өткізілді.
Мемлекет басшысының карантин кезеңінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы тапсырмасы бойынша "Antikor ortalygy" алаңында жүйелі негізде Денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, білім беру, полиция, автомобиль жолдары және басқа да мемлекеттік органдардың басшыларымен онлайн эфирлер өткізіледі. Айта кету керек, білім басқармасының басшыларымен қашықтықтан оқытуды енгізу, оқушыларды ҰБТ-ға дайындау, азаматтарды әлеуметтік қолдау шаралары бойынша әлеуметтік қорғау бойынша тікелей эфирлер карантин кезеңінде әлеуметтік желілерде оң пікір алды.
***
Департамент қызметкерлері және "Қызылорда еріктілері" қоғамдық қорының, covid-19 аймақтық қоғамдық бақылаудың қатысумен медициналық мекемелерге шет елдерден келген гуманитарлық көмектің тиісті емдеу бөлімдеріне дейін жетуін қамтамасыз ету үшін және гуманитарлық көмектің бөлшек саудада сату фактілеріне жол бермеу мақсатында бақылау және сүйемелдеу жұмыстары жүргізілуде. Келген гуманитарлық көмек "гуманитарлық көмек-тегін" мөртабанымен таңбалануда.
Бүгінгі таңда басқа елдерден вирусқа қарсы препараттар, медициналық маскалар мен қолғаптар, байланыссыз электронды термометрлер, дизельдер, ӨЖЖ аппараттары, ПТР коронавирустық инфекцияның бар-жоғына зерттеу жүргізу үшін тесттер келуде.
Қазіргі уақытта жұмыс тобы Ресей Федерациясы мен Қытайдан, Түркия мен Өзбекстаннан, Португалия мен Израильден, Украуна, АҚШ мен Германиядан келіп түскен гуманитарлық көмекті "Фармация" СК қоймаларынан медициналық ұйымдарға дейін сүйемелдейді. Сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жіберген жүкті бөлу жүріп жатыр. Гуманитарлық көмек облыстың емдеу мекемелеріне бөліне
ді.
25 қыркүйек 2020 ж. 448 0