Балық шабақтары құтқарылды
Адамзат жаратылғалы бері күнделікті өміріміздегі өзіндік ерекше орны бар ас мәзірінің бірі – балық. Балық өнімдерінен адамға пайдалы түрлі тағамдар әзірленеді.
Сонымен қатар, денсаулыққа пайдалы спорттық аулауды қоспағанда, балық өнімдері адам ағзасындағы холестеринді, ойлау қабілеті, көру, ұйқы, жүйке, зат алмасу процестерін жән т.б. қалыпты жағдайда ұстауға орасан зор көмегін тигізеді. Адамға биологиялық дербестікті сақтауға өте пайдалы иодтың мол қоры да осы балық өнімдерінде қордаланғанын әлем ғалымдары дәлелдеп берген.
Сырдария өзені суының көп бөлігі облыс аумағындағы мыңдаған гектар инженерлік жүйеге келтірілген суармалы егістік алқаптарына жіберіліде. Осының нәтижесінде жыл сайын миллиондаған балық шабақтары егістік алқаптарындағы суларда өсіп-өнеді. Ал жаз соңында каналдарды жабу кезінде шабақтар бөлектенген суларда қалып, оларға қырылу қаупі туындайтыны анық.
Облыс әкімдігімен бекітілген биы аймақтағы күріштік алқаптардағы құтқару жұмыстарының іс-шаралар жоспарына сәйкес құтқарылған шабақтар облыс көлеміндегі Сырдария өзені және балық шаруашылығына маңызы бар су айдындары мен учаскелеріне жіберілуде.
Осыған байланысты облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының ұйымдастыруымен жоғарыда аталған шараға облыс көлеміндегі барлық орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемелері, егінші қауым, табиғат пайдаланушылар ұдайы қатыстырылып келеді.
Барлық атқарылған жұмыстардың нәтижелері кесімдермен(акт) ресімделіп, фото және бейне таспаларға түсіріледі.
Өңірідегі балық қорын көбейту мүмкіндігін жіберіп алмай, шабақ құтқару акциясының жоғары деңгейде өтуіне барлық азаматтарды өз үлесін қосуға шақырамыз.
Келешек ұрпаққа мұра болып қалатын балық қорын сақтауға бүкіл ел болып жұмылған жұдырықтай кірісіп ат салысайық!
Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының Балық шаруашылығы бөлімі