Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Аралдан бір қыз көрдім боянбаған"

"Аралдан бір қыз көрдім боянбаған"

Біз осы шындық сөзінің нарқын біліп жүрміз бе, жоқ па, оны өзімде білмей келем. Бір білетінім "шындық" айтып, жеткен жетістігім де, алған алғысым да жоқ. Тіпті сол айтқан "шындығымды" ешкімге де сендіре де алмаған күндерім болған.
Жә, айтайын дегенім бұл емес еді -ау. Арқаның азулы ақыны, Шынболат Ділдебаев ақынның аяулы жары Гүлсара апамызды 1997 жылы универді бітіріп, мәдениет үйінде қызметке орналасқаннан кейін көрдім. Шынайы келбеті, ақжарқын жүзі, жылы шырайы есімде қалыпты. Ұзамай апай тұрмыс қүрып Сырдан Арқаға көш түзеді, ел халық шындықты айтып шырылдаған, Шынболаттай күйеу баласына батасын беріп, жақсылыққа балады. Оның "Аралдан бір қыз көрдім боянбаған" деген жыр өлеңі қолдан қолға өтіп, жатып жастанып үлкен кішінің аузынан түспейтін одасына айналды. Қуаныш пен қайғының қатар жүретіні бар емес пе, көп ұзамай ақын жүрегі тоқтап, ықылым қазақ қайғырды. Одан кейінде Аралға неше көктем келді, бірақ апамыздың келгенін, келсе де ел аралап, біреулердің есігін қаққанын естімеппін. Шағын ауданда сыр жатпайды.
Бүгін "Балықшылар" музейіне қарай бет алып бірнеше адамның аяңдап басып келе жатқаны алыстан байқадым, ортасында қолын былғап қасындағы қонақтарына Теңіэ жайлы әфсана айтып келе жатқаны беп белгілі, ішімнен кімде болса елдің адамы-ау дегенімше болмай, жақын келгенде байқадым. Иә, сол жылы жүзі, ақжарқын пейілі, әдемі күлкісі, тіпті жымиғандағы екі ұртының ішке тұйықтала еніп, ажарына әр беретін келбетінен сыр кетпепті. Көптен көрмесем де апайымды бірден таныдым, дәл өзі - Гүлсара. Уақыт шіркін ажарына қырау түсіргенмен, жанарына түсіре алмапты, бәз қалпы.
Шіркін-ай Шынболат ақын тірі болып, Гүлсараны бүгін көрсе де ғашық болар еді-ау. Талай жырда жазылар ма еді?! Кім білген? 
" Торына түсіп шырмалдым ,
Гүлсара менен Аралдың"
Ия сол баяғы бейне, еш өзгермеген, жүрегінде Арал теңізі, айтып тауыса алар емес, әрбір суретке тесіле қарап, бақытты балалығын, жалынды жастығын, абыройлы қызметін іздегендей. Немересіне көк теңіздің сырға толы тағдырын баяндап, шалқыған кезеңін дастан етуде. Ұлы ақынмен теңіз тағдырлас, айдыны кеткенмен, жоқтаушы халқы қалды жағада. Ақын кеткенмен - асыл жары қалды артында.... Ақын жайлы сұрауға батылым бармады, дегенмен апамыздың Шынболат ақынның шаңырағын құлатпай, мол мұрасы мен отбасына, ошақ құтына, көз қарашығындай ие болып отырғанын еститінмін. Тіпті Жезқазғаннан ақын музейін ашып, жәдігерлерін саналы ұрпаққа насихаттап жүргенін теледидардан көзім шалған. Міне, адалдық. Махаббатқа адалдық.
Кеш кезіксе де бір біріне тағдыр қосқан қос алып, бірі өмір бойы ел халқына мәңгілік азық болар рухани байлық жазды, ал бірі аманат мұраның өмірлік насихатшысы.
Бәрін тастап келген жоқ...
Мен бүгін
"Аралдан бір қыз көрдім боянбаған"
Айбек Есмағанбетов.
01 қазан 2020 ж. 1 105 0