Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Бала көрдім құсалықтан қайғырған": Ақынның Арыс туралы өлеңі жұртты жылатты

"Бала көрдім құсалықтан қайғырған": Ақынның Арыс туралы өлеңі жұртты жылатты

Әлеуметтік желілерде Арыста болған жарылыстан кейін жан-жаққа ба сауғалаған қазақстандықтардың суреті жарыса жарияланып жатыр. Осы суреттерге жазушылар одағының мүшесі, ақын Серік Сейтман өлең жолдарын арнаған екен,

Қазақстандықтар әлеуметтік желіде ақын жариялаған суреттер мен оның өлең шумақтарын жарыса бөлісіп жатыр. Қазақ-түрік университетінің докторанты өзінің туындысын «Көрдім» деп атаған екен. 
«Оқты көрдім тереземде жарылған,
Отты көрдім керегемде жағылған.
Көкті көрдім найзағайы шағылған,
Көпті көрдім жалаңаяқ сабылған.
Ана көрдім сəбиінен айырылған,
Бала көрдім құсалықтан қайғырған.
Ерді көрдім еңкейгенге қарасқан, 
Елді көрдім ынтымағы жарасқан.
Көрген көзім жасқа толды, 
Бұладым! 
Жылап тұрып жұртқа амандық сұрадым!
Серік Сейтман
24.06.2019 жыл», - деп жазды ол. 
Желі қолданушылары өз кезегінде аталған өлең шумақтарының жүректі қарып өтіп, көзге жас ұялатқанын жазды. 
«Серік Сейтман! Жүректен шыққан жырың жүрекке жетіп тұр. Жыр жолдары жүрегіңмен қиналған халықпен бірге екенін көрдік. Алла разы болсын! Алла тілегімізді қабыл етсін!», «Серік Сейтман, сен – Арыс апатының «Серік жырау» жырлаушысысың», «Эвакуация жасаған сарбаздар қаһарман атансын және министрлікке жіберілсін», «Алла жар болсын. Сәбилер ата-аналарымен амандықта қауышсын деп тілейміз» дейді олар.
25 маусым 2019 ж. 1 144 0