Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Бауыр етің – балаң да безеді екен": Қарттар үйінде көз жұмған қарияның өлеңі жұртты жылатты

"Бауыр етің – балаң да безеді екен": Қарттар үйінде көз жұмған қарияның өлеңі жұртты жылатты

Отандық бағдарламалардың бірінде тележүргізуші қарттар үйінде тұрып, сол жақта көз жұмған қарияның өлеңін оқып берді. Желі қолданушылары өз кезегінде аталған өлең жолдарының жүректі қарып өткенін жарыса жазып жатыр,

Қария келер ұрпаққа ата-анасын аялы алақанға салып ұстауға кеңес берген екен. 
«Өмір-ай, қалтылдаған қайғы бар,
Қарттардың тек қартайған айыбы бар. 
Бақтырған мұңлықтарды үкіметке, 
Көбінің үйде бала-зайыбы бар.
Жаратқан, жан емес ем тілге ұста, 
Батпай-ақ қойды-ау мынау күнде қысқа, 
Кімге де ата-анасын бағу парыз,
Бұл сөзім болғай ұрпақ, елге нұсқа», - деп жазған қария. 
Әлеуметтік желі қолданушылары өз кезегінде марқұмның сөздері көзге еріксіз жас келтіргенін жарыса жазды. 
«Өте өкінішті», «Алла сақтасын», «Осындайларды көріп жүрегім ауырады», «Алла балаларымызға мейірімділік, ынсап, иман нәсіп етсін», «Алла балаларымызға сана берсін» деп жазды желі қолданушылары. 
Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Ақтөбе жігіттерінің арбадағы қарияны бұзақылардан қорғап қалғаны туралы хабарлаған едік.
20 маусым 2019 ж. 1 308 0