Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында праймериз үміткерлеріне дауыс беру қызу жүріп жатыр

Қызылорда облысында праймериз үміткерлеріне дауыс беру қызу жүріп жатыр

Дауыс беру кезеңіне қаралған 3 күннің бүгін алғашқы күнін сырбойылықтар онлайн дауыс берумен бастады.
Бүгінгі күні саяси додада Қызылорда облысы бойынша 485 үміткер бақ сынауда. Олардың 32 пайызы әйел азаматтар, 35 пайызы жастар.
«Дауыс беруге 44 мыңға жуық партия мүшесі қатысады деп жоспарлануда. Облыстың қалалары мен аудандарында дауыс беруге арналған 133 орын анықталды. Олардың 103-де дауыс беру онлайн форматта, 30-да қағаз бюллетеньдер арқылы өтеді. Өңірде праймериздің финалдық кезеңі жоғары деңгейде өтуде. Осыдан бір сағат бұрын 4 мыңнан астам партияласымыз онлайн дауыс беріп үлгерді», – делінген партияның облыстағы филиалының хабарламасында.
Естеріңізге сала кетейік, дауыс беру 3-ші қазан күні сағат 14: 00-де аяқталады.
https://kyzylorda-news.kz/

02 қазан 2020 ж. 499 0