Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Гүлшара Әбдіқалықова праймериз үміткерлері арасында өткен дебатқа қатысты

Гүлшара Әбдіқалықова праймериз үміткерлері арасында өткен дебатқа қатысты

«Nur Otan» партиясының праймеризіне сырбойылық үміткерлердің арасында 47-ші жария пікір-сайысы өтті.
Саяси дода А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде ұйымдастырылды. Бұл дебатқа жеребе арқылы анықталған 6 үміткердің 4 ғана қатысты. 2 үміткер отбасылық жағдайына байланысты кейінге ауыстырылды.
Бүгінгі додаға облыстық партия филиалының төрағасы, облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова арнайы қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
«Бұл праймериз нағыз мықтыларды анықтайтын дода. Елбасымыз, партия төрағасы Н.Назарбаев праймеризді әділ, әрі жоғары деңгейде өткізуді тапсырды. Праймеризге қатысушылардың барлығы елдің ертеңіне сеніммен қарайтын, нағыз майталмандар деп білем. Баршаңызға саяси додада сәттілік тілеймін»,- деді облыс әкімі.
Жария пікірсайыс ашық, әрі жоғары деңгейде өтті. Әрбір үміткер 5 минут ішінде өз бағдарламалары мен өзекті мәселелердің шешілу жолдарын баяндаса, екінші бөлімде сұрақ-жауап арқылы пікір алмасты.
Өңірдің ахуалын жіті зерттеген үміткерлер өз бағдарламаларына түрлі мәселелерді арқау еткен. Бірі коммуналдық қызметтерге қатысты тарифтерді арзандату, білім саласын цифрландыру мәселелерін алға тартса, енді бірі әрбір өңірдің ерекшеліктерін ескере отырып, ауыл шарушалығы өнімдерін сақтайтын қойма салу, аналар мәртебесі туралы заң қабылдау, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жан-жақты қолдау және оларды «Қайсар жандар» деп атау секілді ұсыныстарды ортаға салды.
Қызылорда облысы бойынша жалпы праймеризге 502 үміткер тіркелсе, бүгін күнге 47 дебат ұйымдастырылып, олардың 248-і жария пікір сайысқа қатысты. Аталған жария пікір сайыстар партия филиалдарының ресми аккаунттарында тікелей эфирде көрсетілуде.
Естеріңізге сала кетейік, жария пікірсайыс 14 қыркүйекте басталып, 28 қыркүйекте аяқталады. Осы мақсатта «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филалы тарапынан дауыс беруге және дебаттарды өткізуге арналған 133 орын белгілеген. 1-3 қазан аралығында үміткерлерге дауыс беріледі. Оған «Nur Otan» партиясының Қызылорда облыстық филалының 43 мыңнан астам мүшесі қатысады деп жоспарлануда. Олар 239 бастауыш партия ұйымына біріккен.
kyzylorda-news.kz
22 қыркүйек 2020 ж. 609 0