2 қазанға арналған ауа райы болжамы
2 қазан, жұма күні ауа райы қандай болатыны белгілі болды, деп хабарлайды «Қазгидромет».Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн ашық болады. Тек республиканың оңтүстігі және оңтүстік-шығысында атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты жаңбыр жауады. Кей жерлерде тұман күтіледі, оңтүстік-шығыста және оңтүстік-батыста жел күшейеді.






		
		



