Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тауық жұмыртқаларын мінсіз қайнату әдісі белгілі болды

Тауық жұмыртқаларын мінсіз қайнату әдісі белгілі болды

Қабыршақтары қайнатылған жұмыртқаға жабысып қалмас үшін, оны пісірер алдында бір қарапайым ережені сақтау жеткілікті. Бұл әдіс туралы қытайлық Sohu басылымы жазды, деп Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Аталған әдіс бойынша, жұмыртқаны қайнаған суға салмас бұрын 10 минут салқын суда ұстау керек. Пісіргеннен кейін дәл осы процедураны қайталау қажет.
Басылымның жазуынша, осы әдіс арқасында жұмыртқаның дәмі нашарламайды, қабығы оңай ашылады. Сонымен қатар, ішіндегі ақуыз мен сарысы нәзік болып қалады.
Бұған дейін ғалымдар денсаулықты сақтау үшін күніне қанша жұмыртқа тұтыну керектігін айтқан еді.
https://stan.kz/
05 қазан 2020 ж. 494 0