Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада алаяқтыққа қатысы бар деген күдіктілер ұсталды

Қызылордада алаяқтыққа қатысы бар деген күдіктілер ұсталды

Қызылорда облысының Полиция департаменті өз қатарындағы сыбайлас жемқорлықты жою бойынша қатаң шаралар қабылдауда, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Cыбайлас жемқорлық ел дамуына кедергі келтіретін қоғамдағы қауіп – қатерлердің бірі. 
Ғасыр дертіне айналып бара жатқан проблеманы ауыздықтау – басты мақсат. Қызылорда облысы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметтік тәртіп пен заңдылықты нығайту, жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша кешенді шаралар қабылдауды жалғастыруда. 
Мәселен, 5 қазан күні ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті және Қызылорда облысының ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп арнайы шара барысында заңсыз әрекеттері үшін басқарма басшысы мен оның қызметкерін ұстады. 
Қазіргі таңда күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалып , ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша  сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. 
Қазіргі таңда қызметтік тергеу жүргізілуде. Мұндай заң бұзушылыққа қасақана барғандар заң аясында қатаң жазаға тартылады. Оларға біздің қатарымызда орын жоқ. Полиция беделіне нұқсан келтіретін әрекеттердің алдын-алу шаралары жалғасады,- деп атап өтті Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Бектөре Сұлтан.
baq.kz​​​
07 қазан 2020 ж. 304 0