Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Тағы да қатаң карантинге оралуымыз мүмкін": Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жасады

"Тағы да қатаң карантинге оралуымыз мүмкін": Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жасады

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов онлайн-брифинг барысында еліміздегі эпидемиологиялық жағдай туралы баяндады.
Бағдат Қожахметов санитарлық дәрігерлер бекіткен талаптарды қатаң сақтауға шақырды. Ол вирус жұқтырғандардың қазіргі жағдайымен бөліскен.
"Азаматтар санитарлық дәрігерлердің талаптарын сақтамаса, тағы да қатаң карантинге оралуымыз мүмкін. 7 қазандағы жағдай бойынша елімізде коронавирус жұқтырған 108 362 адам тіркелген. Соңғы тәулікте 66 азаматтың індет жұқтырғаны анықталды. Яғни, науқастар саны 0,6 пайызға өскен, 3145 пациент емделуде, 103 465 адам жазылып шықты. 1752 азамат қайтыс болды", - дейді Бағдат Қожахметов. 

stan.kz

07 қазан 2020 ж. 328 0