Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаяу серуендеудің тоғыз пайдасы

Жаяу серуендеудің тоғыз пайдасы

Денсаулық сақтаудың ең оңай және пайдалы тәсілдерінің бірі – жаяу серуендеу. Назарыңызға соның тоғыз пайдасын ұсынамыз.
1. Ойлануға ықпал етеді

Баяу жүру адамды көп нәрсені мұқият ойлануға, маңызды мәселелердің шешімін табуға себеп болады.

2. Көңіл-күйді көтереді, жаңа идеялар пайда болады

Көшеде серуендеу көңіл-күйді көтеріп, депрессияны жеңуге көмектеседі. Жүру процесі шығармашылық идеялардың тууын да ынталандырады. Психикалық белсенділік ағзада жағымды реакциялар тудырады.

3. Аллергияны жеңуге көмектеседі

Аллергия маусымында осы аурумен ауыратын адамдар өздерін қорғау үшін үйге қамалуды жөн көреді. Алайда серуендеп қайту тыныс алу мүшелерінің жұмысына оң әсер етеді. Бұл аллергендерге төзімділікті арттырады.

4. Адам жасын ұзартады

Көпжылдық зерттеулер көрсеткендей, күн сайын бір немесе бірнеше шақырым жүруге дағдыланған адамдар аз қозғалатындарға қарағанда 7 жылға дейін ұзақ өмір сүреді.

5. Зат алмасуды жақсартады

Қан қысымының жоғарылауы, қандағы қанттың жоғарылауы, артық салмақ, бас ауруы, тез шаршағыштық – мұның бәріне табиғат аясында серуендау ем саналады.

6. Ақша үнемдейді

Бүгінгі таңда спортзалдар мен фитнес клубтары өте көп. Бірақ оларға қатысу үшін жақсы ақша керек. Серуендеу ақшаңызды үнемдеп бастысы ауырып емделуден сақтайды.

7. Ұйқыны жақсартады, күйзелістен сақтайды

Біздің ғасырдың проблемалары арасында стресс пен ұйқының бұзылуы ерекше орын алады. Бұл екі мәселе бір-бірімен тығыз байланысты. Үнемі серуендеу психикалық сергумен бірге дененің шаршауына әкеледі. Бұл жүйкені тыныштандырып, тыныш ұйқыны қамтамасыз етеді.

8. Сүйектерді нығайтады

Жаяу жүрудің сүйектерді нығайтудағы рөлі зор. Екінші жағынан, негізгі қозғалыс жүйесінің беріктігі ағзадағы көптеген жүйелердегі проблемалардың алдын алады.

9. Көру қабілетін жақсартады

Ашық аспан астында, саябақтарда, кең далада жүрген адам қаласа да, қаламаса да, әртүрлі пейзаждарды тамашалап, алысқа қарайды. Жүргеннен кейін қан айналымының жақсаруы көзге де әсер етеді. Ең бастысы, серуендеу кезінде көз әртүрлі гаджеттерден, төрт қабырғадан демалады. 
massaget.kz
10 қазан 2020 ж. 991 0