Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада коронавирус инфекциясының 3245 жағдайы тіркелді

Қызылордада коронавирус инфекциясының 3245 жағдайы тіркелді

Қызылорда облысында бүгінге дейін коронавирус инфекциясының 3245 жағдайы тіркелген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыс бойынша бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Әлия Әбдіқайымова мәлімдеді.
«Жалпы облыс бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақты деп бағалануда. Коронавирус инфекциясы соңғы 2 күнде тіркелген жоқ. Дегенмен, бұл бәсеңсейтін кезең емес. Өйткені кез келген короновирустық инфекция болсын, немесе жоғары тыныс алу жолдары секілді жұқпалы аурулардың кезеңдік көтерілетін мезгілі. Үстіміздегі жылдың 6-шы қазанынан бастап еліміздің бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №54 қаулысы күшіне енді. Қаулыға сәйкес сырттан елімізге келетін адамда кем дегенде 72 сағат бұрын алынған ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттен өткені туралы анықтама болуы шарт. Ал анықтамасыз шетелден келген ҚР азаматтары 2 тәулікке карантиндік стационарға жіберіледі. Бұдан бөлек, өңірімізде әлі де болса бірқатар шектеулер өз күшінде қалады», – деді Әлия Әбдіқайымова.
kyzylorda-news.kz​​​
12 қазан 2020 ж. 671 0