Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 19 қазан, дүйсенбі күнгі ауа райы болжамы

19 қазан, дүйсенбі күнгі ауа райы болжамы

19 қазан күні республика аумағында ауа райы жылы, ашық болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Республиканың басым бөлігінде антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек шығыста атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты түнде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Күндіз батыста, солтүстік-батыста циклон әсерінен жаңбыр жауады. Еліміздің кей жерінде тұман түсуі мүмкін. Шығыста түнде көктайғақ болуы ықтимал.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.
Түнде Шығыс Қазақстан, таңертең және күндіз Ақмола, күндіз Жамбыл, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, Атырау, түнде және таңертең Қостанай облыстарының кей жеріне тұман түсуі мүмкін.
Түнде Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерінде минус 1 градус суық болады.
19 қазан 2020 ж. 379 0