Шұжықтың адам денсаулығына зияны айтылды

Ол асқазан-ішек жолдарының ауруларымен ауыратындар бұл өнімді мүлдем тұтынбауы керек деп есептейді.
"Шұжықтың 40 пайызы ғана ет және еттің сапасы төмен, қосымша өнімдер көп. Қалғаны соя, крахмал, желатин, тағамдық қоспалар, бояғыш заттар", - дейді ол.
Сарапшының айтуынша, шұжыққа қызғылт түс беру үшін қатерлі ісік ауруын тудыруы мүмкін нитриттер қолданылады. Өнімнің құрамына фосфаттар қосылады, бұл кальцийдің сіңуін нашарлатады және остеопороз бен рахитті тудырады.
Дәрігер шұжық сатып алғанда өнімнің құрамына мұқият назар аудару керек, егер мүмкін болса, оны үйде дайындаңыз деген кеңес береді.
massaget.kz