Жұмаға арналған ауа райы болжамы

Республиканың тек солтүстік-шығысы мен шығысында қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын болады. Жекелеген өңірлерде тұман, желдің күшеюі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, шығыста жаяу бұрқасын болжанады. Солтүстік пен шығыста сондай-ақ көктайғақ күтіледі.