Аралда адасқан аңшы 3 күннен соң табылды

Облыстық өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы Нұрсұлтан Ибрагимовтің мәліметінше, 30 қазан күні таңертең аңшылар тауып алып құтқарушыларға хабар берген.
«Қызылорда облысы өрт сөндіру және авариялық-құтқару жасағынан 4 құтқарушы 1 техника шлюзден 30 км жерден іздестіру жұмыстарын жүргізді. Аңшылар тұрағынан 8 км жерден Арго жол талғамайтын автокөлікпен аңшылар тауып алды. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар жолдан адасқан аңшыға алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсетті», – дейді Нұрсұлтан Жаңабайұлы.
Айта кетейік, бұған дейін Арал ауданындағы Қаратерең елді мекенінде 1974 жылы туған Ақтөбе қаласының тұрғыны жоғалып кеткенін хабарлаған болатынбыз.
kyzylorda-news.kz