Жолдау- сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті қолдайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына жолдауында халықтың өміріне әсер ететін барлық салаларға тоқталып, мәселелерді шешу және дағдыны дамыту бойынша бір қатар тапсырмалар берді. Оның ішінде біз сөз етіп отырған сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі төңірегінде қолға алынатын жаңа бастамалар да бар. Президент Жолдауда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа тәсілдерін енгізген жөн деп санаймын. 2021 жылдан бастап мемлекеттік қызметшілердің, депутаттардың, судьялардың шетел банктерінде есепшотқа ие болуы, қолма-қол ақша және бағалы заттар сақтауына қатысты жемқорлықпен күрес аясында жаңа шектеулер енгізу керек»-деді.
Жолдауда айтылған «Қоғамдық бақылау туралы» Заңының қабылдануы азаматтар мен үкіметтік емес ұйымдарды сыбайлас жемқорлық пен бюрократияға қарсы жүйелі турде әрекет етуге барынша кең ауқымда тартуға нақты серпін береді.
Жолдау аясында айтылған маңызды жайт-мемлекеттік қызметкердің немесе квазимемлекеттік мекеме басшысының қос азаматтығы анықталған жағдайды олардың қызметтен босатылатыны.
Президент Жолдауы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жаңа серпін беріп отыр. Жемқорлықтың алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстар аз емес және жоспарларда көп.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті ұтымды жүргізсек, әр саладағы түйткілді мәселелерді жойып, қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсарта аламыз.
Арал аудандық сотының бас маман-аға сот приставы А.Б.Болатбеков