АУДАН ЕРІКТІЛЕРІ ТАРИХИ ОРЫНДАРҒА ЭКСКУРСИЯ ЖАСАДЫ

Бұл жобаның негізгі мақсаты: өңіріміздегі тарихи орындарды зерттеу, өскелең ұрпақты олардың тарихымен таныстыру болатын. Экскурсияға ерікті 20 жас қатысып, киелі тарихи орындар туралы мағлұматтар алды. Ауданымыздағы осындай тарихи орындармен танысуға тек ерікті жастарды ғана емес, өзге де жастардың қызығушылығы болған жағдайда тарихи орындарға барып, экскурсия жасауға ұсыныс білдіреміз.