Қызылордада «Қыс – 2020» республикалық штабтық жаттығуы өтті

Жедел штаб мүшелері облыстағы 13 жылыту пунктін және 22 зардап шекендерді қабылдау орнының дайындығын тексерді.
«Бүгінде авариялық-құтқару қызметкерлері әзірлікті арттыру мақсатында арнайы жаттығулар өткізді. Практикалық жаттығуға 39 адам қатысты және 14 техника, 1 тікұшақ жұмылдырылды. Жаттығу барысында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның және эвакуациялық комиссияның құрамы нақтыланды. Сондай-ақ, қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға жедел ден қою жоспары бекітілді. Алдағы уақытта, авариялық-құтқару қызметтерінің бөлімшелерінде жанар-жағармай материалдарының, азық-түліктің пен медициналық мүліктің болуын қадағаланады», – деді Облыстқ ТЖД бастығының орынбасары Саид Молдақараев.
Қауіпсіздік шараларын сақтамау адам өміріне қауіпті екенін естен шығармаған абзал.
kyzylorda-news.kz