Қызылордада жаңа аурухана ашылады

Сондай-ақ, 200 төсек орынды тез соғылатын модульді инфекциялық аурухананың құрылысы жүргізілуде. Нысан үстіміздегі жылдың желтоқсан айында дейін пайдалануға берілмек.
«Пандемияның бірінші кезеңінде дәрі-дәрмектер тапшылығы орын алғаны белгілі. Дәл сондай жағдай қайталанбас үшін облыстың бас пульмонолог және инфекционисті сараптама жүргізіп, қоры «COVID-19» індетін емдеу хаттамасына сәйкес жасақталды»,-деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазилов.