Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгіннен бастап жолаушылар пойызының қатынауына шектеулер енгізілді

Бүгіннен бастап жолаушылар пойызының қатынауына шектеулер енгізілді

9 қарашадан бастап Алматы – Петропавл, Павлодар – Алматы бағытындағы жолаушылар пойыздарының жүру жиілігі уақытша өзгертілді. Бұл туралы StopCovAlmaty телеграм каналы хабарлады.

Сондай-ақ жолаушылар пойызының жұмысына да шектеулер енгізілгені хабарланды. Мәселен Ақмола облысындағы Атбасар, Ерейментау, Аршалы, Курорт-Бурабай, Есіл, Макинка, Ақкөл, Жалтыр және Көкшетау станцияларынан басқа бекеттердің бәрінде билет сатуға уақытша тыйым салынған. Павлодар облысында, Павлодар, Екібастұз, Ақсу-2 және Бозшакөл станцияларынан басқа бекеттерде билет сатылмайды. Сол сияқты Қостанай облысында Қостанай, Тобыл, Құсмұрын, Есіл, Арқалық және Железорудная станцияларынан басқа бекеттерге билет сатуға уақытша тыйым салынды. 
Оған қоса Солтүстік Қазақстан облысында транзиттік жолаушылар пойыздарының барлық бекеттер арқылы жолаушыларды отырғызып, түсіруге тыйым салынған. 
Сонымен қатар Нұр-Сұлтан (Нұрлы Жол) - Өскемен-1, Алматы-2 - Өскемен-1 бағытындағы жолаушылар пойыздарының жүру жиілігін уақытша қысқартылған. 
Жолаушылар пойыздарының жүру тәртібі туралы барлық анықтамалық ақпаратты «105» анықтамалық нөмірі арқылы білуге болады.
baq.kz
09 қараша 2020 ж. 392 0