Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавирус пандемиясынан тағы бір індет пайда болды

Коронавирус пандемиясынан тағы бір індет пайда болды

Коронавирус пандемиясынан тағы бір індет пайда болды Коронавирус инфекциясының эпидемиясы психикалық бұзылулардың жиі пайда болуына себеп болды.
Мұндай тұжырымды Джонс Хопкинс медицина мектебінің қызметкері Роберт Йолкен айтты. Роберт Йолкеннің мақаласы Тhe Lancet журналында жарияланды. Жарияланымда психикалық ауытқулары бар адамдардың коронавирусқа деген осалдығы туралы жазылған. Зерттеу барысында осы жылдың 20 қаңтары мен 1 тамызы аралығында 69 миллионнан астам адамға медициналық көмек көрсету статистикасы зерттелді. Деректер электронды медициналық карталардан алынды. COVID-19жұқтырған пациенттерде мазасыздық, ұйқысыздық және деменция жиі кездесетіні белгілі болды. Осылайша, үш ай ішінде сауығып кеткендердің 20% -ына психиатрия диагнозы қойылған. Сонымен қатар, психикалық ауытқулары бар адамдарда коронавирусты жұқтыру қаупі 65% жоғары екені анықталды.  Йолкеннің айтуынша, бұл медициналық көмек туралы мәліметтер базасын зерттеген басқа ғалымдардың қорытындыларымен сәйкес келеді. Сонымен бірге ғалым жасалған жұмыс биологиялық үлгілерді жинауды қамтитын когорттық зерттеулермен толықтырылуы керек екенін айтады. Йолкен өткен ғасырдың басында болған испан пандемиясының да неврологиялық және психиатриялық бұзылулар санының айтарлықтай өсуіне себеп болғанын еске салды. Ғалымның пікірінше, электронды медициналық карталар коронавирус пандемиясының адам психикасына әсерін бағалау және түсіну үшін маңызды ақпаратты ұсынуға мүмкіндік береді.
11 қараша 2020 ж. 201 0