99,9% тиімді: COVID-тен қорғайтын зат табылды

Агенттіктің хабарлауынша, зерттеушілер құрамында 0,07% концентрациясындағы CPC (Cetylpyridinium Chloride – цетилпиридиния хлориді) бар ауыз шайғыш заттар коронавирус штаммының белсенділігін 99,9% басқанын анықтады. Нақтырақ айтқанда вирус 30 секунд ішінде жойылған. Сонымен бірге, ауыз қуысын шаюға арналған заттың коронавирустың адамнан адамға таралуын толық тоқтатуға кепілдік бере алмайтындығы баса айтылады.