Құқықтық оқыту семинары өткізілді

Алдымен нормативтік құқықтық актілер жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу қағидалары туралы аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Б. Ізмағамбетов түсіндіріп өтті.
Одан соң нормативтік құқықтық актілер жобаларын «Ашық нормативтік құқықтық акт» интернет порталына орналастыру тәртібі жөнінде аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас инспекторы А. Дәрібаев баяндады.
Күн тәртібіндегі соңғы мәселе сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің тәртібі туралы аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы Е. Нақылов хабарлама жасады.
Семинарға қатысушылар хабарламашыларға сыбайлас жемқорлыққа қатысты өз сауалдарын жолдап, тұщымды жауаптарын алды. Жиын соңында қатысушылардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар жүктелді.

