Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар балаларына вакцина салдырмағаны үшін ата-ана болу құқығынан айырыла ма?

Қазақстандықтар балаларына вакцина салдырмағаны үшін ата-ана болу құқығынан айырыла ма?

Гүлмира Исембиеваның видеосы әлеуметтік желіде кең тарады. Ол балаларына вакцина салудан бас тартқан ата-аналардан балаларын тартып алатыны туралы ақпарат таратқан, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі StopFake басылымына сілтеме жасап.  Ол ата-аналар балаларына вакцина салдырмаса немесе психотроптық дәрілермен емделуден бас тартса, оларды ата-ана құқығынан айыратыны туралы айтты. 

"Видеода Исембиева152-бапқа сілтеме жасай отырып, медициналық көмек алудан бас тарқан ата-аналардан балаларын тартып алатынын мәлімдеді. Бейне хабарлама интернетте 2020 жылдың наурыз айында пайда болды. Содан кейін сенат депутаттары оны жоққа шығарды, мұндай заң жобалары мен нормалары қарастырылмаған деп мәлімдеді олар. Оған қоса, жаңа заң жобаларын қабылдау кезінде қоғамдық пікір ескерілуі керек екенін айтты", - деп жазады портал.
Басылымда айтылғандай, қазір заңнамада бұл мәселеге байланысты ештеңе өзгерген жоқ. 2020 жылдың 7 шілдесіндегі "Адамдардың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекс әлі күнге дейін нормаларды сақтап келеді. Оған сәйкес кез келген Қазақстан азаматы "саналы келісім беруге немесе емдеуден және басқа медициналық араласулардан, оның ішінде профилактикалық егулерден бас тартуға" құқылы.
Сонымен қатар, 16 жастан асқан балалар профилактикалық және консультациялық-диагностикалық көмек алудан бас тартуға құқылы.
19 қараша 2020 ж. 487 0