Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Ауруханаға түсуі мүмкін": маман дәрумен ішетіндерге ескерту жасады

"Ауруханаға түсуі мүмкін": маман дәрумен ішетіндерге ескерту жасады

Қазіргі уақытта адамдар иммунитетті нығайту үшін поливитаминдерді жаппай сатып алуда. Алайда маман жеміс-жидек, көкөніс және сапалы азық-түлік жейтін адамдар үшін мұның қажеті жоқ деп отыр.
Дәруменді мөлшерден тыс қабылдау витамин тапшылығына қарағанда, әлдеқайда қауіпті, деді Sputnik радиосына аллерголог-иммунолог дәрігер Алексей Бессмертный. 
Қазіргі уақытта адамдар иммунитетті нығайту үшін поливитаминдерді жаппай сатып алуда. Алайда маман жеміс-жидек, көкөніс және сапалы азық-түлік жейтін адамдар үшін мұның қажеті жоқ деп отыр.
"Дамыған елде дұрыс тамақтанатын адамда дәрумен тапшылығы болмайды. Өйткені витаминдердің бәрі дастарқанымызда. Бірақ көптеген өңірлерде 3 жасқа дейінгі балаларға D дәрумені тапшылығы байқалады. Сондықтан "Йодомарин" сынды витаминдер ішуге тура келеді", - деді дәрігер. 
Оның айтуынша, дәруменді қабылдауды арттыру гипервитаминозға әкеліп соғуы мүмкін. Ол дәрумен тапшылығына қарағанда, әлдеқайда қауіпті.
"Поливитаминдер дәрі емес, биоқоспа ретінде тіркелген. Ал статистикаға сәйкес, бауырдың зақымдануының төрттен екі жағдайы дұрыс сертификатталмаған "БАД" қолданумен байланысты", – деді Бессмертный.
Гипервитаминоз кезінде адамның жүрегі айнып, шаршайды. Ал ағзада D дәрумені мөлшерден тыс болса, интоксикация белгілері байқалады. Дәруменді тым көп ішетін адамдар ауруханаға түсуі мүмкін. 

22 қараша 2020 ж. 397 0