Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Байлық туралы бір ауыз сөз

Байлық туралы бір ауыз сөз

Үлкен жиында бір бай кісі малының көптігін айтып мақтанып, отырғандарға қыр көрсетіпті. Сонда көпті көрген ақ сақалды  қария баппен сөз бастап:-Байеке, алыс сапарға шығып, құм аралап жолаушылап келе жатып қатты шөлдеп, тарығып өлер халге жеткенде, біреу бір кесе суды көрсетіп «Малыңның бәрін қисаңыз осы суды беремін» десе, сіз не айтар едіңіз?»-деп сұрақ қояды.
-Бір жұтым су үшін малымның бәрін беретін едім, әрине,-депті бай кісі.
-Көп малыңыздың құны-бір-ақ жұтым су болса, ондай байлықтың несіне мақтанып отырсыз?-деп қария басын шайқаған екен.
mazhab.kz
26 қараша 2020 ж. 510 0