Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Өтініштерді қараудың жаңа форматына көшу туралы оқу өткізілді

Өтініштерді қараудың жаңа форматына көшу туралы оқу өткізілді

Күні кеше облыс әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі шеңберінде өтініштерді қараудың жаңа форматына көшу туралы онлайн-оқу өткізілді.
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен оқуға аудан әкімі аппаратының басшысы, аппарат қызметкерлері, аудандық дербес бөлім басшылары, қала кент ауылдық округ әкімдері мен жауапы мамандары қатысты.

Оқу барысында 2021 жылдың 1-шілдесінен бастап күшіне енетін Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің жаңа ережелері түсіндіріліп, жергілікті атқарушы органдардағы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс барысына талдау жасалды.

Талдау жұмыстарының нәтижесімен аудан әкімі аппаратының басшысы Н. Бохаев барлық дербес бөлім басшылары мен қала, кент ауылдық округ әкімдеріне өтініштердің қараудың жаңа форматына көшуге дайындық жұмыстарын осы кезден бастап жүргізуді тапсырды. Сонымен қатар бағалау әдістемесіне сәйкес аудан көлемінде тіркелген әрбір өтініш облыстың рейтингісіне тікелей әсер ететіндігін ескере отырып, барлық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдарда өтініштермен жұмыс жасау сапасына аса мән берілу қажеттігін басшылыққа алуды ескертті.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

05 желтоқсан 2020 ж. 320 0