Ғани Мұратбаев ауылына газ барды
Қазалы ауданында Тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында Ғани Мұратбаев ауылына газ барып, Ақсауат ауылында 150 орындық клуб пайдалануға беріледі.
Бұл екі жобаға қаржы «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында бөлінді. Яғни, бағдарлама шеңберінде Ғ.Мұратбаев ауылына табиғи газ тартылды. Орта қысымды газ желісі Әйтеке би кентіндегі Үштаған жанынан бастау алады. Жобада 6,1 шақырым орта қысымды газ желісі, 12,2 шақырым төмен қысымды газ желісі, 2 газ реттегіш қаралған. Барлығы 293 абонент қамтылады. Ал, Ақсуат ауылында 150 орындық клуб салынуда. Құрылыс жұмыстары толығымен аяқталған. Қазір жылу құбырларын орнату жұмыстары жүргізілуде.
Жалпы бағдарлама аясында ауданда 42 жоба жүзеге асырылуда. 1084 адам жұмыспен қамтылып, әлеуметтік нысандар жаңғыртылудан өткізілуде. Көшелер орташа жөнделіп, жарықтандырылды.
kyzylorda-news.kz