Қызылордадағы сауда орталықтары мереке күндері жұмыс істейтін болды

Облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес кәсіпкерлік нысандардың қызмет көрсету кестесіне өзгеріс енгізілді. Ойын-сауық орталықтары, сауда-саттық желілері, азық-түлік емес және жабық базарларға бұған дейін тұрғындар таңғы 10:00-ден кешкі 22:00-ге дейін бара алатын еді. Енді олардың тұтынушыны қабылдау уақыты 1 сағатқа ұзарды. Бұл өзгерістердің кинотеатрлар мен қоғамдық тамақтану нысандарына да қатысы бар. Аталған нысандардың барлығына жексенбі және мереке күндері сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат берілді.
kyzylorda-news.kz«Сауда орындарында бір келушіге 4 шаршы метр есебімен болуы керек. Ғимараттың толтырылуы 30%-тен аспау керек және де осы сауда ойын-сауық орталықтарында орналасқан фудкорттар тағамдарды жеткізу қағидаты бойынша жұмыс жасайды. Балалардың ойын алаңдары, аттракциондардың жұмыс жасауына рұқсат жоқ», – облыс бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз-хатшысы Айман Жанахаева.