Қызылордада дауылды ескерту жарияланды
2020 жылғы 18 желтоқсан мен 20 желтоқсан аралығында ел өңірлерінде дауыл, тұман, көктайғақ күтіледі.
Атырау облысындағы дауылдың ықтималдылығы – 85-90%. 19-20 желтоқсанда Атырау облысының кей жерлерінде тұман, 19 желтоқсанда көктайғақ күтіледі. Атырау қаласында түнде 19 желтоқсанда тұман, көктайғақ күтіледі.
Қызылорда облысындағы дауылдың ықтималдылығы – 90-95%.
19 желтоқсанда Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. Күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с деп күтіледі.
Маңғыстау облысындағы дауылды ескертудің ықтималдылығы – 85-90%. 19 желтоқсанда Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ, тұман күтіледі.
Ақтау қаласында 19 желтоқсан түнде және таңертең көктайғақ күтіледі.
Жамбыл облысындағы дауылдың ықтималдылығы – 90-95%. 19-21 желтоқсанда Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Кей жерлерде оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады. Күші – 15-20 м/с, күндіз 19, түнде 20 желтоқсанда екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қаласында 19-21 желтоқсанда кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі. 19 желтоқсанда оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, екпіні 15-20 м/с деп күтіледі.
Батыс Қазақстан облысындағы дауылдың ықтималдылығы – 85-90%. 19 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі.
Орал қаласында 19 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Ақмола облысындағы дауылдың ықтималдылығы – 85-90%. 19 желтоқсанда Ақмола облысында кей жерлерде тұман, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады. Күші кей жерлерде 15-20 м/с деп күтіледі.
Көкшетау қаласы таңертең және күндіз 19 желтоқсанда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде екпіні 15 м/с деп күтіледі.
Қарағанды облысындағы дауылдың ықтималдылығы – 70-75%. 19 желтоқсанда Қарағанды облысында кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Кей жерлерінде күші 15-20 м/с деп күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысындағы дауылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%. 19 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар күтіледі. Кей жерлерде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Кей жерлерде күші 15-20, екпіні 23 м/с деп күтіледі.
Петропавл қаласында 19 желтоқсанда бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.
kyzylorda-news.kz