Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Кесір-кесапаттан сақтану үшін

Кесір-кесапаттан сақтану үшін

Мағынасы: Алланың мінсіз сөздерімен[1] күллі жаратылыстың кесір-кесапатынан сақтанамын!
 
Ұзақ жылдар бойы ардақты Пайғамбарымызбен (с.ғ.с.) бірге болу құрметіне бөленген сахаба Әбу Хұрайра (р.а.) бұл дұға жайлы мына оқиғаны тілге тиек еткен:
«Бір кісі Алла елшісіне (с.ғ.с.): Кеше түнде мені шаян шағып алды, &ndash деп, түні бойы көз ілмегенін айтып, мұңын шақты. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оған: «Егер кешкісін мына дұғаны оқығаныңда, ол сені шақпас еді», &ndash деген екен.
 
Сондай-ақ, Имам Тирмизидің еңбегінде Суһәйл ибн Әбу Салих (р.а.):
 
«Айналамыздағы адамдардың барлығы осы дұғаны жаттап алып, күн сайын кешкісін оқып жүретін. Бірде қызметші әйелдердің бірін шаян шағып алды, бірақ, ол әйел одан ешқандай да зиян шекпеді», &ndash деген.
 
Жоғарыда келтірілген деректерге қоса осы дұғаға қатысты басқа бір хадисте Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.):
 
«Кімде кім қандай да бір жерге (панажайға) ат басын тірегенде мына дұғаны оқыса, сол жерден аттанып кеткенге дейін оған еш нәрсе зиянын тигізе алмайды», &ndash деп айтқаны риуаят етілген.
 
«Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) таңғы және кешкі дұғалары» кітабынан
alashainasy.kz

24 желтоқсан 2020 ж. 708 0