Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәдениет – адамзат әлемінің айнасы

Мәдениет – адамзат әлемінің айнасы

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламаларын насихаттау барысында аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Базарбай Төрахметов мен Мархабат Жүгінісова ауданымыздағы мәдениет саласы қызметкерлерімен кездесу өткізді.
– Халықтың бірлігі мен қоғамдық келісім – Қазақстанның табысты дамуының сенімді іргетасы. «Nur Otan» партиясы біздің қоғамымыздың бірегейлігін айқындайтын мәдени және рухани құндылықтарды сақтау мен жетілдіруді жақтайды. Ол үшін Партия 2025 жылға қарай мынадай міндеттерді қояды:
Партияның басты мақсаты – «Бақытты отбасы» жобасын іске асыруға жәрдемдесу, отбасының рөлін арттыратын және отбасылық құндылықтарды нығайтатын түрлі акциялар мен спорттық шаралар өткізу. Сондай-ақ, ұлттық бірегейлікті қалыптастыруды және ұлттың мәдени кодын сақтауды, соның ішінде тақырыптық шаралар арқылы, Қазақстан халқының бірлігі күнін жалғастыруға, «Берекелі шаңырақ» жастар жобасы аясында Аналар кеңестерінің жұмысына жағдай жасауға, бірлікті, конфессияаралық және ұлтаралық келісімді нығайту үшін этномәдени және діни бірлестіктерді белсенді түрде қолдауға, қасиетті және көрікті жерлерге өлкетану экспедицияларының өткізілуіне, өңірдің қасиетті жерлерін жақсартуға жәрдемдесу. Азаматтық қоғамның дамуына және белсенділіктің жүзеге асуына ықпал етеді, – деді Б.Төрахметов.
Қай уақытта да мәдениет көріністерінде адамдық парасат, ақыл ой, ізгілік пен әдемілік заттандырылып, игіліктер дүниесі құралған. Соған сәйкес кездесуде мәдениет адамды тұлға деңгейіне көтеретін негізгі құрал болып табылатыны жөнінде сөз болды. Сондай-ақ, партияның алға қойған 7 басым бағыты жайында егжей тегжейлі түсіндіріліп, ой-пікір, талап-тілектер айтылды.

«Nur Otan» партиясының Қызылорда облысы Арал ауданының сайлау қорының қаражатынан бөлінді

24 желтоқсан 2020 ж. 604 0