Қызылорда: Президенттің балаларға арналған жаңажылдық сыйлықтары табысталды
Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен Президенттің балаларға арналған жаңажылдық сыйлықтары табысталды.
Пандемия жағдайына сәйкес бір мезетте 200 баланың үйіне Аяз ата мен Ақшақар жаңажылдық тосынсый апарып, балаларға қуаныш сыйлады.Жаңа жылдық мерекеде білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова ата-анасының қамқорлығынсыз қалған №101 мектеп-лицейінің оқушысының үйіне барып, жаңа жылмен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Балаларға қуаныш сыйлайтын ерекше мерекеде басқарма қызметкерлері, аудандық білім бөлімдерінің басшылары оқушыларға ілтипат білдіріп, мерекені сезіндірді.
Президент атынан ұсынылған сыйлықта bilim book кешені, 6 айға тегін интернет роутер мен тәтті сыйлық бар.
kyzylorda-news.kz