27 желтоқсан күнгі ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, Батыс Қазақстан, Қостанай, Жамбыл облыстарында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.
Атырау, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады. Күндіз Атырау облысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман күтіледі, күндіз Ақтөбе облысында жел 15-20 м/с артады.
Сондай-ақ Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде кей жерлерде қатты аяз болады.