Арал балығымен мақтанады

Елбасының бастамасымен жүзеге асқан, «Ғасыр жобасы» атанған Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау жобасы аясында атқарылған ауқымды шаралар нәтижесінде Арал өңірінің ата кәсібі – балық шаруашылығы саласы жаңа деңгейге көтеріліп, қарқынды дамуда. Партияның сайлауалды бағдарламасында ата кәсібін одан әрі дамыту мақсатында 2021 жылы балық өнімдерін тереңнен өңдеу зауыттарының (1-ші зауыттың қуаттылығы – 665 мың тонна, 2-ші зауыттың қуаттылығы – 4 мың тонна) құрылысын салу, қоғамдық тамақтану (50 адамға дейін) орнын салуға жобаларын жүзеге асырып, аудан орталығында 2 әлеуметтік дүкен ашылмақ. 2025 жылға қарай 4 компоненттен тұратын балық өсіру және өңдеу кешені жобасын жүзеге асыруға ықпал етеді, – деді Т.Қанатов.
Үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстыра келе, зауыт жұмысшыларының сауалдарына жауап беріп, сайлауға қатысуға шақырды.

"Nur Otan" партиясының Қызылорда облысы Арал ауданының сайлау қорының қаражатынан төленді