Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Көз тартқан кезде не істеу керек

Көз тартқан кезде не істеу керек

Көз тартқанда оны өз еркіңізбен оңай тоқтата қою мүмкін емес. «Рамблер» неліктен көз тартуы мүмкін екенін және ондай кезде не істеу керектігін айтты.
Дәрігерлер көз бұлшықетінің жиырылуын қабақтың миокимиясы деп атайды. Оның себебі көбінесе офтальмологиямен байланысты болмайды.
Стресс немесе шамадан тыс жұмыс істеу салдарынан көз тартуы мүмкін. Жүйке жүйесіне шамадан тыс күш түскенде ол әртүрлі тәсілдер арқылы оны жеткізуге тырысады.
Сондай-ақ ұйқының қанбауы, алкогольді және кофеинді көп тұтынудан болуы мүмкін.
Алкогольдік сусындар жүйке талшықтарының өткізгіштігін бұзады. Ал кофеин бұлшықеттің сезімталдығын арттырады.
Бұл сондай-ақ жүйке ауруларына байланысты болуы мүмкін. Мәселені шешу үшін не себеп болғанын анықтап алу керек. Мысалы, алкогольді немесе кофеинді тұтынуды азайту, ұйқыны қалыпқа келтіру, стрестік жағдайлардан аулақ болу немесе компьютермен жұмыс істеу кезінде үзіліс жасау. Егер бұлар көмектеспесе, мәселені анықтау және шешу үшін маманға жүгіну қажет.
24.kz/kz
31 желтоқсан 2020 ж. 435 0