«Әлем аруы – 2021» байқауында Қазақстан атынан кім қатысады

«Байқауға қатысушылар Қазақстанның барлық аумағында осы қиын кезеңде қайырымдылық жұмысына белсене қатысты: олар пандемиямен күресте дәрігерлерге, аз қамтылған отбасыларға көмектесті. Әсіресе, осы күрделі кезеңде «Қызылорда аруы – 2019» – 18 жастағы Камилла Серікбай басқаларға көмектескісі келетіндігімен ерекшеленді. Сондықтан «Қазақстан аруы» байқауының дирекциясы оны «Әлем аруы – 2021» байқауына жіберуге шешім қабылдады.
Оның Халықаралық Әлем аруы байқауында біздің елімізді лайықты түрде таныстыратындығына сенімдіміз», - деп жазды «Қазақстан аруы «ұлттық конкурсының ұйымдастырушылары Instagram-дағы парақшасында.
Камилла Серікбай 2019 жылы «Қызылорда аруы» атағын жеңіп алды. Сулейман Демирел атындағы университетте «Қолданбалы құқық» мамандығы бойынша оқыды. Каратэмен бала кезінен айналысады, спорт шебері. Ол БҰҰ-ның ізгі ниет елшісі болуды армандайды.
inform.kz