Кеншілер көшбасшы партияны қолдайды
Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Саягүл Махашева ең ірі кәсіпорын – «Аралтұз» АҚ 1,4 цех жұмысшыларымен кездесті.
«Nur Otan» партиясының бағыты тұрақты экономикалық даму және халықтың өмір сүру деңгейін арттыру. Ауыл шаруашылық құрылымдарына қолдау көрсету, еңбек өнімділігін арттыру жөніндегі жұмыстар жалғастырылады. Ол үшін мемлекеттік бағдарламалар және жеке инвесторлар есебінен 2021-2023 жылдары ас тұзын өндіруде жаңа испан цехының құрылысы жобасы (қуаттылығы – 204 мың тонна) жүзеге асатын болады. Нәтижесінде 2025 жылға қарай 6,1 мың жұмыс орнын құруға және жұмыссыздық деңгейін 5,1 %-дан – 4,7 %-ға төмендетуге мүмкіндік береді.
Біздің партия аудан тұрғындарының үмітін ақтау, халықтың барлық топтарының мүдделерін білдіру және халық пен билік арасындағы байланыстырушы буын ретінде әрекет ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтын болады, – деді С.Махашева.
Кездесу барысында биылғы саяси доданың маңызы мен ерекшелігін баяндаған көшбасшы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасына тоқталды. Партияның бағытын сөз етіп, аудандық мәслихат сайлауында «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырды.
«Nur Otan» партиясының Қызылорда облысы Арал ауданының сайлау қорының қаражатынан төленді