Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Үміткер «Жазира» балабақшасы ұжымында

Үміткер «Жазира» балабақшасы ұжымында

Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер, аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Жұмабай Мейірманов сайлауалды бағдарламаны түсіндіру мақсатында ауданымыздағы «Жазира» балабақшасы ұжымымен кездесті.
Партияның басты міндеті – қазақстандықтардың өз әлеуетін іске асыруына теңдей мүмкіндік жасау екенін ескерсек, мемлекеттің халық алдындағы міндеттемелеріне біз де өз кезегімізде сүбелі үлес қосуымызды жалғастыра бермекпіз. Бағдарламаның басымдығы «Бақытты балалар» бағыты әр баланың толыққанды өмір сүру жағдайын қамтамасыз етуді, оның құқықтарын қорғауды, саналы тәрбие мен сапалы білім алу мүмкіндігін қолдауды көздейді. Қазақстандық отбасылардың әл-ауқатының артуын, сәбилердің бақытты балалық шағын, өскелең ұрпақтың жарқын болашағын қамтамасыз ету, қарттарға, мұқтаж жандарға қамқорлық жасауға ұмтылу «Nur Otan» ұсынған ұтымды серпілістердің қозғалар сеңі болмақ.
– Өңірімізде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жұмысы ретке қойылған.Өнерлі де білімді балаларды дайындап, мектепке ұсыну – балабақша ұжымының міндеті. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында білім саласына көрсетілер көмек аз емес. Мәселен, 2021-2025 жылдары 6 білім беру нысанын күрделі жөндеуге, Шижаға елді мекенінде спортзал мен орта мектебіне 100 орындық қосымша құрылыс салу жоспары бар. «Жазира» балабақшасының ескі ғимараты апаттық жағдайда болу себепті мекеме жалдамалы ғимаратқа ауысқан болатын. Алайда, ұжым мүшелері мекеме балалар үшін тарлық етіп отырғанын жаңа ғимарат салу балалар үшін де, ұжым үшін де қуаныш боларын жеткізді, – дейді Ж.Мейірманов.
– Жаңа бастамалардың жасампаздығына үміт артып, «Nur Otan» партиясына дауыс беру Сіздің сеніміңіздің ақталарына жол ашады. Үміткерге ұжым мүшелері «Nur Otan» партиясын бір ауыздан қолдайтындарын білдіріп, біз көтерген мәселе шешімін тапса екен деген ұсыныстарын айтып саяси додада сәттілік тіледі.


«Nur Otan» партиясының Қызылорда облысы Арал ауданының сайлау қорының қаражатынан төленді
04 қаңтар 2021 ж. 622 0