Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қаратереңдіктердің теңізбен тілегі бір

Қаратереңдіктердің теңізбен тілегі бір

Аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер – аудандық сайлауалды штаб төрағасы Талғат Қанатов, аудандық мәслихат хатшысы Дәуренбек Мадинов, «Қуаныш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Батырхан Прекеев «Есіктен есікке» акциясы аясындаҚаратерең ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.– «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасын және «Құтты мекен» партиялық жобасын іске асыру бойынша «Жаңақұрылыс-Қаратерең» ауылдық округінде  облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын орташа жөндеу (23,88 шақырым) жүргізіледі. «Қауіпсіз аудан» бағыты аясында Қаратерең елді мекенінде жарықтандыру жұмыстары ұйымдастырылатын болады, – дейді Д.Мадинов.
– «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы төңірегінде «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалу» жобасының екінші фазасын жүзеге асыруға, «Көкарал бөгетін сақтау және Сырдария өзенінің арнасын қалпына келтіру» жобасын іске асыруға. 2021-2025 жылдары Арал теңізінің құрғаған ұлтанына және мемлекеттік орман қоры жеріне 7500 гектарға сексеуіл көшеттерін егу жұмыстары қолға алынады, – дейді Б.Прекеев.
Кездесуде сайлауалды бағдарламаның негізгі мақсаты төңірегінде ой бөлісті.Бұл ауыл тұрғындарының көңіліне шынайы қуаныш ұялатты. Аталған жиында тұрғындарды дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясының Қызылорда облысы Арал ауданының сайлау қорының қаражатынан төленді
04 қаңтар 2021 ж. 555 0