Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыбайластықпен күрес толастамайды

Сыбайластықпен күрес толастамайды

Сыбайлас жемқорлық әдетте күшті әрі зиянды жағынан кез келген елдің экономикалық және әлеуметтік дамуына әсерін тигізеді. «Қазақстан –2030» даму стратегиясында көрсетілген сыбайлас жемқорлықпен күресу іс-шаралары құқықтық мемлекеттің пайда болуы Қазақстанның мемлекеттік қызметін жаңашылдануымен тығыз байланысты.
Жалпы, сыбайлас жемқорлық лауазымды тұлға өзінің биліктік өкілеттілігін, өзінеберілгенқұқықты жеке пайдасы үшін пайдаланып, бекітілген ережеге қарсы әрекет етуінен туындайтынын анық білеміз. Мұны ұйымдасқан қылмыс катализаторы деп қарасақ, қателеспейміз. Пара беруші де, пара алушы да қылмыскер болып саналатын бүгінгі қоғамда бір-бірімен тығыз байланысқан бұл құбылыстар мемлекетке де, қоғамға да өте қауіпті. Әсіресе жаңа қалыптасып келе жатқан демократия жағдайында коррупция – ел дамуына толықтай кедергі болатын құбылыс. Мемлекеттік қызметтегі адамдардың сеніміне, тазалығына күмән туғызады. Бұл сенімсіздік тек оларға ғана емес, мемлекет беделіне нұқсан келтіреді, конституциялық құқықтар тапталады, заңдылық принциптері бұзылады. Осының барлығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті заңмен реттеу қажет екенін көрсетті. Жаңа заңдар мен ережелер қабылдау керектігін көрсетті.
Осының негізінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылданды. Бұл заңның негізгі басымдығы – қызметтік беделін пайдаланып қиянат жасауға жол бермей, қаржышаруашылық қызметі саласындағы мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіру, мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстарының тиімділігін арттыру, қызметтік этика нормаларын сақтау.
Сыбайлас жемқорлық түріндегі қылмыстық істермен табысты күрес жүргізу үшін осы түрдегі қылмыстардың мәні мен түрін теория бойынша да, әсіресе тәжірибе жүзінде де анықтау өте маңызды болып отыр. Сонымен бірге бұл қылмыстардың жасалуына көмекші болған жағдайларды және оның себептерін ашу қажет. Сол себепті әрбір қазақстандық сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік танытып, қылмысқа қарсы әрекет жасау қажет. Сонда ғана қоғам кеселін ауыздықтай аламыз.
О. Елемесова,
Арал аудандық қазынашылық басқармасының бас маман – бас қазынашысы
07 қаңтар 2021 ж. 681 0