Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қара жол есерлікті көтермейді

Қара жол есерлікті көтермейді

Жол-көлік қауіпсіздігін сақтап, ондағы жазатайым апаттан аман болу кез-келгеніміздің  тілегіміз. Өкінішке қарай, осыны қалайтын жүрегіміз санамызға өз үстемдігін жүргізе алмай қалып жатады. Сондықтан кейде асыққаннан, кейде жауапсыздықтан, енді бірде мас күйінде жол-көлік оқиғасын жасаудан зардап шегіп жатқан да азаматтардың өздері.Жүргізушілердің арасындағы ең көп таралған әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірі, бұл көлікті мас күйінде жүргізу екендігі бәрімізге  мәлім. Бұл көліктегі құқық бұзушылықтардың ішіндегі адам өміріне аса қауіп тудыратын әрекет болып табылады.
Өткен жылы, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (көлікті масаң күйде басқарғандарға жауаптылық көздейтін) 608-бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, жауаптылық түрлері қатаңдатылған болатын. Оған дейін, жүргізушінің көлік құралын масаң күйде басқаруы көлік құралын басқару құқығынан үш жыл мерзімге айыруға әкеп соқса, бүгінде он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді.
Мас күйінде көлік жүргізген жүргізуші үшін тағайындалатын жаза қаншалықты қатал болса да, бүгінде ішімдік ішіп алып көлік жүргізушілер саны азаймай отыр.
Статистикалық мәліметке сәйкес, Арал аудандық сотында өткен жылы көлікті мас күйінде басқарғаны үшін 88 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылса, Жаңа жылдың алғашқы жұмыс күнінде қаралған әкімшілік істердің қатарын, мас күйінде көлік тізгіндеген азаматқа қатысты әкімшілік іс құрап отыр.
Азамат Е. 1 қаңтар күні өзінің басқаруындағы «Ваз 21074» маркалы автокөлігін алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйінде тізгіндеген. Құқық бұзушының ішімдік ішкен күйде болғандығы медициналық куәләндырудың қорытындысымен расталған. Сондай-ақ, құқық бұзушы сот отырысында өз кінәсін мойындаған.
Сот қаулысымен ол, жасаған құқық бұзушылығы үшін кінәлі деп танылып, оған 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.
Жол-көлік оқиғасы өздігінен туындамайтыны белгілі. Ол жол жүрісі қағидаларының қандай да бір талаптарын сақтамағандықтан болады. Сондықтан да ішімдік ішіп, көлік басқару, орны толмас қайғыға себепші болатынын естен шығармайық.
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі
08 қаңтар 2021 ж. 501 0