Лайықты партия анықталды

Биылғы сайлаудың міндеті айқын. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев ҚР Парламенті Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары сайлауын өткізу туралы Жарлыққа қол қоя отырып, алдағы мәслихаттар сайлауы алғаш рет партиялық тізім бойынша өтеді деген. Президент пропорционалды модель әлемдік демократиялық тәжірибеге толық сай келетінін, саяси жүйені нығайтуға, демократияны дамытуға ықпал ететінін, саяси партиялардың жұмысын жандандыратынын айтқан болатын. Қазірдің өзінде бұл сөздің растығына көзіміз жетті.
Міне, осы мәселенің барлығын пайымдап, сайлауда өз таңдауымызды жасадық. Бүгінде ел сеніміне лайықты партия жеңіске жетіп отыр. «Nur Otan» партиясы шындығында нақты істердің партиясы екенін осы кезге дейін айқындап келеді. Еліміздегі жетекші партияға біз де сенім білдіреміз.
Ә.Елеуов,
зейнеткер
Арал қаласы