Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Халық арасында Президентке деген сенім деңгейі 9 пайызға артқан

Халық арасында Президентке деген сенім деңгейі 9 пайызға артқан

 Бұл туралы «Transparency Kazakhstan» ҚҚ атқарушы директоры Ольга Шиян ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да 2020 жылдағы Қазақстанда сыбайлас-жемқорлық мәселесі бойынша мониторинг жұмысы туралы өткен брифингте айтты. 

Азаматтар мен бизнес-қоғамдастықтардың пікірінше, Президент (70%), Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (63% және 65%), Үкімет (59% және 62%), Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (55% және 59%) және Nur Otan партиясы (53% және 55%) барынша сенімге ие, - деді ол. Азаматтар жемқорлықпен жеке күресуде пара бермей және қажет болған жағдайда құзырлы органдарға хабарласуға дайын екенін жеткізген, - деді ол.
Ол айтқандай, азаматтардың 60 пайыздан астамы жемқорлықпен күресуге дайын екенін жеткізген. Бұған дейін жемқорлық қандай мемлекеттік органдарда жиі кездесетінін және халық параны қандай қызметтерді алу үшін беретінін хабарлаған болатынбыз.
13 қаңтар 2021 ж. 304 0