Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыл әкімдерін сайлағаннан кейін аудан әкімдерін сайлауға көшуге болады

Ауыл әкімдерін сайлағаннан кейін аудан әкімдерін сайлауға көшуге болады

Алдағы уақытта ауыл әкімдерін сайлағаннан кейін аудан әкімдерін сайлауға көшуге болады. Бұл туралы 7-ші шақырылған Парламенттің 1-ші сессиясын ашқан ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
«Тағы бір маңызды қадам – ауыл әкімдерін сайлау. Биыл жекелеген ауылдық округтерде сайлау өтеді. Біз жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін ең төменнен бастап нығайтуды көздеп отырмыз. Бұл өте маңызды мәселе. Сондықтан алдағы уақытта ауыл әкімдерін сайлағаннан кейін аудан әкімдерін сайлауға көшуге болады», – деді Мемлекет басшысы.
ҚР Президенті мұнымен де шектеліп қалмауымыз керектігін, саяси жүйені орнықтырып, шешімдер қабылдау үдерісіне азаматтардың ықпал етуін күшейте түсу үшін тың серпін қажеттігін баса айтты.
«Бұл бағытта реформалардың екінші бөлігін әзірлеу барысында ауқымды жұмыстар жасалды. Онда барлық партияның, соның ішінде кеше Парламентке өтпей қалған саяси күштердің де ұсыныстары ескерілді және болашақта да назарымызда болады. Ұлттық кеңес мүшелерінің және басқа да беделді сарапшылар мен белсенді азаматтардың идеялары, бастамалары қамтылып отыр», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
kyzylorda-news.kz
15 қаңтар 2021 ж. 603 0