Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Теміржол билеттері қымбаттайды

Теміржол билеттері қымбаттайды

Барлық әлеуметтік маңызы бар бағыттардың теміржол билеттері 1 наурыздан бастап қымбаттайды, деп хабарлайды Egemen.kz railways.kz сайтына сілтеме жасап. 
«Тасымалдаушының әлеуметтік маңызы бар маршруттар бойынша жолаушыларды тасымалдауға байланысты шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялауға арналған келісімдерге сәйкес, 2021 жылдың 1 наурызынан бастап жолаушыларды теміржол көлігімен тасымалдау құнын аймақаралық және қала маңы байланыстарындағы барлық әлеуметтік маңызды бағыттар бойынша 7% индекстеу жоспарланған», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, 2018 жылдан 2020 жылға дейін «Жолаушылар тасымалы» АҚ 159 вагон сатып алған. Олар келесі бағыттар бойынша жолаушылар пойыздарын жаңартқанын хабарлады: Алматы - Маңғыстау, Нұр-Сұлтан - Сарыағаш, Атырау - Нұр-Сұлтан, Атырау - Алматы, Нұр-Сұлтан - Арқалық, Атырау - Маңғыстау, Алматы - Жезқазған, Нұр-Сұлтан - Семей.
egemen.kz
18 қаңтар 2021 ж. 480 0