Теміржол билетінің бағасы не үшін қымбаттайды?

Қазір жылжымалы құрам паркі жаңартылып жатыр. Соңғы екі жылда компания 160-қа жуық жаңа вагон сатып алған. Биыл тағы 50-ін алу жоспарланды. Олар Алматы-Маңғыстау, Қызылорда–Семей, Алматы-Өскемен және Нұр-Сұлтан-Семей бағыттары бойынша жолаушы тасымалдайтын болады. Сондай-ақ вагон ішін тазалау да жаңа талаппен жүзеге асырылады.
«Тасымалдаушының шығыстарын ұзақмерзімді субсидиялауға арналған шарттар шеңберінде ағымдағы жылдың бірінші наурызынан бастап, әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жол жүру құнын 7 пайызға арттыру жоспарлануда. ҚР жолаушылар тасымалының жол жүру құны көрші мемлекеттермен қарағанда, салыстырмалы түрде төмен болып табылады», – «Жолаушылар тасымалы» АҚ ресми өкілі Мәди Мұхамедқали.
Айта кетейік, бұған дейін теміржол билеттерінің бағасы өсетіндігі жөнінде хабарлаған болатынбыз.
kyzylorda-news.kz